ТҮРКІСТАН: Келес ауданындағы каналдар тазаланып жатыр

0
452

3 мың гектардан астам жерді сумен қамтамасыз етеді.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданындағы каналдар тазаланып жатыр

Келес ауданында каналдарды тазартып, ағын суды ысырапсыз межелі жеріне жеткізу бағытындағы жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Келес ауданында келесі жылдың егін маусымы басталғанға дейін каналдарды тазартып, ағын суды ысырапсыз межелі жеріне жеткізу бағытындағы жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі Өзбекстан Республикасы аумағынан бастау алатын трансшекаралық «Солтүстік Ташкент» каналын көрші елдің техникалары тазалауда. Аталған канал кеңес дәуірінен бері тазаланбаған. Себебі канал Өзбекстан Республикасының теңгерімінде болғандықтан оған мүмкіндік болмады. Мәселені Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халықаралық деңгейде көтеріп, екі елдің жауапты өкілдерінің келіссөз жүргізуінің нәтижесінде бүгінгі таңда халықтың сұранысы қанағаттандырылып жатыр.


Каналдың еліміздің, соның ішінде Келес ауданы аумағындағы бөлігі — 19 шақырым. Ол канал өңірдегі 3 мың гектардан астам жерді суландырады. Оның ішінде Жүзімдік ауылдық округінде 550 гектарды, Бірлесу ауылдық округінде 1200 гектарды және Ақтөбе ауылдық округінің де аумақтарын суғарады.