ТҮРКІСТАН: Келесте 3 мыңға жуық азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды

0
516

5407 азаматты жұмыспен қамту шарасына қатыстыру жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: Келесте 3 мыңға жуық азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды

Келес ауданында 3 мыңға жуық азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында түрлі жұмыспен қамту шараларымен 100 мыңға жуық жас қамтылатынын айтқан болатын. Берілген тапсырма шеңберінде Түркістан облысының Келес ауданында нақты істер атқарылып жатыр.


Биыл Келес ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту оратылығының ұйымдастырумен «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде 5407 азаматты жұмыспен қамту шарасына қатыстыру жоспарланып, 2022 жылдың 8 айында 2890 азамат жұмыспен қамту шарасына қатыстырылып отыр. Бұл туралы аудандық халықты жұмыспен қамту оратылығының директоры Н.Темирбаева жалпы жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мәлімдеді.


Келес ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, 57 жұмыс беруші мекемесінен 30 тұрақты бос жұмыс орнын, жастар практикасына – 86, «Күміс жас» жобасына – 6, қоғамдық жұмыстарына 67 бос жұмыс орнын ұсынды. Сонымен қатар аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту үшін аудандағы 8 жұмыс берушіге 8 квота бекітіліп, 2 азамат жолданып отыр. Ал «Пробация есебінде тұрған» азаматтар үшін 7 жұмыс берушіге 7 квота бекітіліп, 2 азамат жолданды.


Айта кетейік, бұл жәрмеңкеден басқа, биыл бекітілген кестеге сәйкес екі рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілген.