ТҮРКІСТАН: Келесте 72 шақырымға жуық жол жөнделіп жатыр

0
901

«Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы аясында жол салынуда.


ТҮРКІСТАН: Келесте 72 шақырымға жуық жол жөнделіп жатыр

Түркістан облысы, Келес ауданында биыл 71,3 шақырым, яғни 43-көшеге әртүрлі деңгейдегі жол жөндеу жүмыстары жүруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудан орталығы Абай ауылы бойынша «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы аясында 28,19 шақырым, яғни 23-көшенің орташа жол жөндеумен қатар абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Абай ауылындағы 23-көшенің 19-көшесінде жол жөндеу құрылыс жұмыстары аяқталған. Қалған 4 көшенің жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Аудандағы елді мекендердегі ішкі көшелердің 43,1 шақырымы, яғни 20 көшеге әртүрлі деңгейдегі жол жөндеу жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде 10 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу. Ал қалған 10 көшенің мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Сонымен қатар, бір аудандық маңызы бар «Ащыкөл-Қалғансыр» 6,8 шақырым автомобиль жолдары мемлекеттік сатып алу конкурсында өткізілуде.