ТҮРКІСТАН: Келесте 75 канал жөндеуден өткізіледі

0
513

Барлық су жүйелерінің ұзындығы – 1051,2 шақырым.


ТҮРКІСТАН: Келесте 75 канал жөндеуден өткізіледі

Келес ауданында 75 каналды жөндеуден өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Келес ауданында биыл жалпы ұзындығы 270,3 шақырымды құрайтын 75 канал мен қашыртқыларды жөндеу және механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, бұл бағыттағы шаралар жүйеленген. Жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылды. Басқарма тарапынан облыстық бюджеттік комиссияға ұсыныс дайындалу үстінде.


Сонымен қатар аудан аумағында орналасқан жалпы ұзындығы 127,9 шақырымды құрайтын 10 каналды күрделі жөндеуден өткізу мақсатында қажетті шаралар атқарылуда. Ағын су жүйесін дамыту бойынша 2019 жылы аудан көлемінде нақты 39 канал және қашыртқының 120 шақырым аумағы ағымдағы жөндеуден және механикалық тазалау жұмыстарынан өткен.


2020 жылы аталған шаралар жалғасын тауып, 19 канал және қашыртқының 91,9 шақырымына ағымдағы жөндеу және механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Ал 2022 жылы 32 канал және қашыртқының 101,2 шақырым аумағы жөндеуден және тазалаудан өтті.


Жалпы Келес ауданы бойынша 26 314 гектар суармалы жер бар. Оның 2 922 гектары «Солтүстік Ташкент» каналы арқылы сумен қамтылса, «ВТК» каналы арқылы 1 020 гектар ағын су қолжетімді. Сонымен қатар «Ащынау Алпамыс батыр» каналы арқылы – 921 гектар, Шошым каналынан – 1 170 гектар, Аққойлыдан – 816 гектар, Ошақты каналынан – 10 066 гектар жер ағын сумен қамтылады.


Айта кетейік, Келес ауданы бойынша ұзындығы 657,6 шақырымды құрайтын 148 дана канал және ұзындығы 393,6 шақырым болатын 144 дана қашыртқы бар. Барлық су жүйелерінің ұзындығы – 1051,2 шақырым.