ТҮРКІСТАН: Келесте анар көшеттері өсіріліп жатыр

0
1 677

​Келестік жас кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама аясында анар өсіруді қолға алды. ​Келестік жас кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама аясында анар өсіруді қолға алды.


ТҮРКІСТАН: Келесте анар көшеттері өсіріліп жатыр

Келес ауданның тұрғыны «Бизнес бастау» бағдарламасы арқылы сертификат алып, 505 мың теңгелік грантқа қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Келес ауданы, Ұшқын ауылдық округі, Құралас елді мекенінің тұрғыны Сарыбаев Айбек Асланбекұлы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» екінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді кәсіби оқып, білім алып, бүгінде өз кәсібін ашып отыр.

Бастапқы жарнасына қол жеткізген ол қазіргі таңда 0,10 га жерге 70 тұп ашхабад пен қува тұқымды анарының көшеттерін отырғызып өсіруде. Екі жыл ішінде бір тұп көшеттен 25-30 келі өнім алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, бұл көшеттер Келес ауданында алғашқы болып отырғызылған. Әрі қарай 3 га жерге 2400 тұп көшет отырғызуды мақсат тұтқан жас кәсіпкер анар өнімдерін ішкі нарықты шығарып, әрі қарай шет мемлекеттерге өнімін экспорттауды мақсат етуде.