ТҮРКІСТАН: Келесте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мектеп салынады

0
443

Қазір жоспарды орындау мақсатында тиісті құжаттары дайындалып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Келесте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мектеп салынады

Келес ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында білім ошағы салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Келес ауданының Жүзімдік ауылдық округінде жеке кәсіпкер Қырмызы Оспанова 300 орындық бастауыш мектебін салуды жоспарлауда. Ол мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Толағай» балабақшасы жанындағы қажетті жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертіп, жергілікті әкімдікпен жоспарын бекітті. Қазір жоспарды орындау мақсатында тиісті құжаттары дайындалып жатыр.