ТҮРКІСТАН: Келесте сарып ауруына шалдыққан малдардың көзі жойылды

0
1 829

Ауданда 10 ай ішінде аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған жануарлар тiркелген жоқ.


ТҮРКІСТАН: Келесте сарып ауруына шалдыққан малдардың көзі жойылды

Түркістан облысы, Келес ауданында ветеринариялық тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 70903 бас ірі қара, 360257 бас уақ мал, 45 бас шошқа, 19734 бас жылқы, 429 бас түйе бар. Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу барысында аудан көлемiнде 10 ай ішінде аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған жануарлар тiркелген жоқ. 2019 жылғы «Эпизоотияға қарсы шаралар жүргізу» Республикалық бағдарламасына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларына вакцина егу (14 түрлі ауруға), диагностикалық тексеру жұмыстарын жүргізу үшін ауылдық округтер бойынша жоспар түзіліп, жұмыстар ақпан айынан бастап жүргізілуде.

Малдәрігер мамандары жұмысқа қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Диагностикалық тексерулер жоспарына сәйкес аудан бойынша жыл басынан 64 570 бас ірі қара малдар мен 244 332 бас уақ малдар сарып ауруына қарсы диагностикалық тексеруден өткізіліп, нәтижесінде аудан бойынша 16 бас ірі қара мал, 44 бас уақ малдарынан сарып ауруы анықталған. Ауруға шалдыққан малдарға «Б» таңбасы басылып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес Шымкент қаласындағы «Замин» ЖШС-ің арнайы мал сою бекетінде санитарлық талаптарға сай сойылып, көздері жойылды.