ТҮРКІСТАН: Келесте жастар аллеясы ашылды

0
1 859

Келес ауданының орталығы Абай ауылында Жастар жылына орай Жастар аллеясының ашылды.


ТҮРКІСТАН: Келесте жастар аллеясы ашылды

Бүгін Келес ауданының орталығы Абай ауылында Жастар жылына орай Жастар аллеясының ашылу салтанаты болып өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ашылу салтанатында Келес ауданының әкімі А.Есбаев және аудандық маслихат хатшысы А.Тотиков лента қиып, ізгі тілектерін білдіріп. Аудан орталығы тұрғындары үшін аса маңызды саналатын кешеннің өзектілігіне тоқталып, Келес ауданының сүйікті демалыс орнына айналатынын атап өтті. Жаңадан ашылған демалыс аймағы жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға оң септігін тигізбек. Айта кетерлігі, бұл аллеяны №13 колледж жастарының ұсынысы бойынша ашылды.

Ашылу салтанатында мерекелік концертпен жастардың қолынан шыққан туындылар келген қонақтарға ұсынылды. Түркістан облысында өткен “world skills TURKESTAN 2019” байқауының жеңіпаздарын марапаттау рәсімі де болды.