ТҮРКІСТАН: Келестегі елді мекендерде газ, су құбырлары жүргізіліп жатыр

0
585

Партия белсенділері 2 жылда атқарылған жұмыстарды саралап, болашақ жоспарларды талқылады.


ТҮРКІСТАН: Келестегі елді мекендерде газ, су құбырлары жүргізіліп жатыр

Келес ауданындағы ауылдарда жол картасы аясында газ және су желілері тартылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Nur Otan» – тұрғындардың проблемаларын нақты шешетін жалғыз партия». Бүгін «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясына қатысушы делегаттар осылай деді.

Партия белсенділері 2 жылда атқарылған жұмыстарды саралап, болашақ жоспарларды талқылады.

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ақментай Есбаев төрағалық еткен конференцияға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Роллан Шерімов, аудандық мәслихаттың хатшысы Арын Тотиков және бастауыш партия ұйымдарынан сайланған конференция делегаттары қатысты.

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков «Келес аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары, алдағы жоспарлары туралы және партияның Келес ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының жол картасын бірінші тоқсанда іске асыру барысы туралы баяндама жасады.

Ол өз баяндамасында Елбасы, Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – партияның 7 серпіні» атты партияны қайта жаңғырту бағдарламасы басшылыққа алынып, партия жұмысын ілгерілету, өңірлердегі мәслихаттардың жауапкершілігін күшейтіп, жұмысын ширату, қоғамдағы ең өзекті әрі аса маңызды мәселелерді айқындап шешу сынды жаңа межелер белгіленіп, саяси кеңес мүшелерінің жүйелі жұмыстары жанданғанын атап өтті.

Былтырғы праймеризде бақ сынаған 70 кандидат елді мекендерде халықпен кездесіп, дебаттарда бақтарын сынап, өзекті мәселелерді анықтап, партияның сайлауалды бағдарламасына енгізді. Праймериз қорытындысымен 38 кандидат, оның ішінде 30% әйелдер және 20% жастар болып, аудандық маслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелді. Жетекші партияның аудандық мәслихатта 15 мандатқа ие болғанын атап өтті.

«Сайлаудағы лайықты жеңіс – бұл партиямыздың бүкіл ел тарапынан нақты қолдау мен сенімнің нәтижесі», – деген бірінші орынбасар аудандық мәслихаттағы 4 мандатқа – әйелдер, 4 мандатқа – 35 жасқа дейінгі өрендер ие болғанын атап өтті. Бастауыш партия ұйымы төрағалығына 4 әйел және 2 жас партия мүшесі төраға болып сайланып, аудандық депутаттық жаңа фракция жұмысы жанданған.

Депутаттар қоғамның өткір мәселелерін көтеріп, сайлауалды бағдарламаның жол картасын іске асырып, ай сайын қоғамдық қабылдау өткізуде.

«Әлемді шарлаған індетке байланысты жарияланған Пандемия кезеңінде Елбасымыз бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан аудандағы 1400 отбасыға 50000 теңгеден бір реттік қаржылай көмек берілді. Аудандық филиалдың ұйымдастыруымен, кәсіпкерлеріміздің қолдауымен «Біз біргеміз» акциясы аясында 3724 отбасыға бір реттік азық-түлік себеттері берілді. Аудандық ауруханаға 8 тыныс алу аппараты табыс етілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша аудан әкімі, аудандық филиал төрағасы Есбаев Ақментай Үсенұлы бастаған Саяси кеңес мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім және мекеме башылары тұрғындарды қабылдап, қолдау көрсетіп келеді. Филиал тарапынан ұйымдастырылған ашық қоғамдық жұмыстар нәтижесінде аудан тұрғындарының партияға сенімі арта түсті», – деді А.Жұмабеков.

2019 жылы партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жалпы 540 азамат өтінішпен білдірсе, 249 (46,1%) азаматтың өтініші оң шешімін тауып, 291 (53,9%) азаматқа түсініктеме берілді. Ал 2020 жылы партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтінішпен жүгінген азаматтар саны екі есеге жуық көбейіп, 949 азамат жүгінсе, 662 (69%) азаматтың өтініші оң шешімін тауып, 287 (31%) азаматқа түсініктеме берілген.

Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмалары және «Nur Otan» партиясының Келес ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасына енген 136 жобаны алдағы 5 жылда іске асыру жоспарланған. Осы бағытта «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы жанынан 9 өңірлік қоғамдық кеңестің құрамы құрылып, ережелері бекітілген.

Келес ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру бойынша бірінші тоқсанда Қошқарата ауылдық округінде 9 елді мекенге табиғи газ құбырларын тарту, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Бозсу елді мекенінде және Біртілек ауылдық округіне қарасты 4 елді мекенде таза ауызсу құбырының құрылыс жұмыстары басталды.

Конференция делегаттары партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамын және облыстық конференцияға делегаттар сайлап, конференция қаулысын қабылдады.