ТҮРКІСТАН: Келестік 15 отбасы солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірді

0
852

Кәсіпкерлерге жер, шағын несие сынды қолдаулар көрсетілетіні айтылды.


ТҮРКІСТАН: Келестік 15 отбасы солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірді

Келес ауданындағы 15 отбасы солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" - ұлттық жобасы аясында Солтүстік өңірлерге қоныс аудару бойынша Келес ауданының тұрғындармен кездесу өтті. Павлодар облысы Павлодар қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Акзамова Динара Ермековна бастаған делегация оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударатын отбасыларға мемлекет тарапынан қарастырылатын көмектер жөнінде аудан тұрғындарына кеңінен түсіндірді. Кездесуге "Nur Otan" партиясының Келес аудандық филиалы төрағасының бірініші орынбасары Ахмет Жұмабеков, аудан тұрғындары, ауыл ақсақалдары, ауданның жастары қатысып, оның ішінде 15 отбасы солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірді.


Жиын соңында жеке қабылдау ұйымдастырылып қабылдауға келген ауыл округтерінің жұмыссыз, аса мұқтаж азаматтарға Солтүстік өңірінде бос жұмыс орындары көп, міндетті түрде тұрақты жұмыспен қамтылып, әлеуметтік көмектер және өз ісімен айналысамын деушілерге, жеке кәсіпкерлерге жер, шағын несие т.б барлық қолдаулар көрсетілетіні айтылды.