ТҮРКІСТАН: Келестік кәсіпкер жіп иіру және күйдірілген қыш зауытын ашты

0
3 873

Бүгінгі таңда кәсіпкер 68 азаматты жұмыспен қамтып отыр.


ТҮРКІСТАН: Келестік кәсіпкер жіп иіру және күйдірілген қыш зауытын ашты

Түркістан облысы, Келес ауданынан шыққан кәсіпкер өз кәсіп ашып ауыл азаматтарын жұмыспен қамтыр отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келес ауданынан шыққан азамат Ходжабаев Мухан Абайұлы туған өлкесі Келес өңіріне келіп «ТМ Строй 21» ЖШС-ін құрған. Сөйтіп ол өз қаражаты есебінен жіп иіру және күйдірілген қыш өнімін өндіретін зауыт ашқан.

Жуантөбе елді мекеніндегі "ТМ-Строй-21" ЖШС-нің пресс жіп иіру және қыш зауыттарының жалпы құны – 250 млн. теңге, өндіріс орны жылына 1000 тонна пресс жібін дайындайды. Ал жобалық құны 160 млн.теңгені құрайтын қыш зауытының жылдық қуаттылығы 32,4 млн. дананы құрамақ.

Бүгінде ол 20 азаматты жіп иіру цехына жұмысқа алып, 48 азаматты кірпіш зауытына қабылдап жалпы бүгінгі таңда 68 азаматты жұмыспен қамтып отыр.

Қазіргі таңда кәсіпкер әр жұмысшыға 90-100 мың теңге көлемінде айлық жалақы төлеп отыр.

Алдағы уақытта, Бірлесу ауылдық округі тумасы, жеке кәсіпкер зауыт қуаттылығын арттырып, аудан азаматтарын жұмыспен қамту деңгейін арттыруды жоспарлап отыр.