ТҮРКІСТАН: Келестік полицейлер түнгі рейд ұйымдастырды

0
1 762

Рейд барасында жасөспірімдердің түнгі мезгілде ата-анасыз жүргендігі белгілі болды.


ТҮРКІСТАН: Келестік полицейлер түнгі рейд ұйымдастырды

Түркістандық полицейлер түнгі рейдке шығып, жастар арасындағы бірнеше құқықбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келес АПБ жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобы және Келес ауданы бойынша Жастар орталығының қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шара болып өтті. Іс-шара барысында Абай ауылында орналасқан ойынханада 3 жасөспірім анықталып, ҚР Әкімшілік Кодексінің 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдернің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша хаттама толтырылды. Олардың ата-анасына айыппұл салынды. Ал ойынхана иесіне ҚР ӘК-нің 132-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру» бойынша хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Шара барысында кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, заңды тұлғаның еріп жүруінсіз жасөспірімдердің көшеде және түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарында болуын бақылауаясында қарқынды жұмыстар жүргізілді.

Аудандық полицейлердің айтуынша «Негізінен жастарды тәрбиелеу мектеп пен мекемелердің ғана емес, ата-ананың басты міндеті. Баланың бос уақыты көп болып, түрлі жаман әдеттерге бой алдыртпауы үшін, отбасында мықты тәрбие берілу керек. Баланы кішкентайынан пайдалы үйірмелер мен спортқа баулып, салауатты өмір салтын ұстануға, тәртіпсіздік жасамауға үйретіп отыру керек.

Дегенмен, бүгінгі нарық заманында баласының күнделікті қажеттілігін табамын деген ата-ана бұл құндылықтарды түгел дерлік орындай алмай келеді. Салдарынан, осындай жағдайлардың соңы, кәмелетке толмағандар арасындағы түрлі қылмыстарға әкеліп соғуда.

Одан бөлек, кәмелет жасына толмаған баланың ата-анасынсыз жүруі заң алдында жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алуда үнемі тексеріс жұмыстары жасалып тұрады»- деп толық түсіндірі өтті. Алдағы уақытта да осындай іс-шаралар жалғасын тауып, сондай-ақ, мектептер мен колледждерде түсіндірме жұмыстары, кездесулер өткізіліп отырмақ.