ТҮРКІСТАН: Келестік үшемнің ата-анасы құрметке бөленді

0
845

Тұрмыстық техника сыйға тартып, қуаныштарымен құттықтады.


ТҮРКІСТАН: Келестік үшемнің ата-анасы құрметке бөленді

Үшем босанған түркістандық анаға құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев жуырда ғана дүние есігін ашқан үшемнің анасы Майра Құрбанәліқызы мен әкесі Бекен Оразбековтың шаңырағына барып, арнайы құрмет көрсетті. Осы орайда оларға тұрмыстық техника сыйға тартып, қуаныштарымен құттықтады.

«Бұл еліміз үшін, ауданымыз үшін қуанышты жайт. Себебі, бірден үш балалы болу бақытын кез-келген отбасыға бере бермейді. Нәрестелерге Ақасыл, Нұрасыл және Бекасыл деп есім қойыпсыздар. Аттарына лайық азаматтар болып, өсе берсін дегім келеді. Қазіргі таңда, көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан тиісті әлеуметтік көмектер беріліп жатыр. Бұл дегеніміз ана мен балаға деген үлкен көмек және ерекше құрмет дер едім», – деді Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев.

Айта кетейік, жалпы Келес ауданы құрылғалы бұл дүние есігін ашқан төртінші үшем. 2018 жылы ауданның халық саны 142 мың болса, қазіргі таңда 143 мыңнан асып отыр.