ТҮРКІСТАН: Келестіктер ағаш егіп, тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр

0
641

Мемлекеттік қызметкерлер де атсалысуда.


ТҮРКІСТАН: Келестіктер ағаш егіп, тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр

Келес ауданында ағаш көшеттері егіліп, қоршаған орта тазалануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында ауқымды сенбілік шарасы өтіп жатыр. Аудан орталығы Абай ауылын көгалдандыру мақсатында мемлекеттік мекеме қызметкерлері ағаш көшеттерін отырғызды.


Қоршаған ортаның тазалығына Ауған соғысының ардагерлері де атсалысуда. Олар Абай ауылындағы "Ардагерлер аллеясын" тазартып, егілген ағаш көшеттерінің түптерін қопсытуда.


Ауқымды сенбілік шарасы аудан көлемінде жүзеге асырылуда. Аудан тұрғындары өзі тұратын үйлерінің ауласын тазартып, арық атыздарды ретке келтіруде. Сонымен қатар елді мекендерге баратын көшелердің жиектері қоқыстан тазаланып жатыр.