ТҮРКІСТАН: Кенеге қарсы күрес күшейтілді

0
1 902

Төрт түлікті қорасында ұстап, күн көрісіне жаратқан ауылдағы ағайынның қауіпсіздігін сақтау мақсатында Мақтааралда энзоотиялық ауруларға қарсы күрес жұмыстары күшейтілді.


ТҮРКІСТАН: Кенеге қарсы күрес күшейтілді

Мақтааралда ауа-райының ысуымен қатар жүргізілетін кенеге қарсы күрес жұмыстары күшейтілді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Төрт түлікті қорасында ұстап, күн көрісіне жаратқан ауылдағы ағайынның қауіпсіздігін сақтау сондай-ақ жануарлары арасында аурудың пайда болуын, енуін және таралуын алдын алу мақсатында Мақтааралда энзоотиялық ауруларға қарсы күрес жұмыстары қарқын алды.

Мақтаарал ауданына қарасты кенттер мен ауылдық округтерде мал ұстайтын тұрғындардың қора-қопсылары мен жапсарлас аймақтары, жол жиектері мен саябақтар, тұрғындар көп шоғырланатын демалыс аймақтарына кенеге қарсы бүрку, залалсыздандыру жұмыстары толықтай жүргізілді.

Сонымен қатар, ауданның ветеринар мамандары тарапынан төрт түлікте жиі кездесетін құтыру, аусыл, лептомпироз, пастереллез, сібір жарасы, эхинококкоз, оспан, эмкар, брадзот, эктима, туберклез сынды ауруларға қарсы профилактикалық шаралар ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға аудандық жергілікті бюджеттен 7 миллион теңге қаралған. Бүгінгі таңда 1676 қаңғыбас ит пен 93 бас мысықтың көзі жойылған.