ТҮРКІСТАН: ​Кентау қаласының прокуроры ауыл тұрғындарымен кездесті

0
1 961

Жеке қабылдау барысында сұрақтардың бірқатары заңға сай түсіндірмелер беру арқылы өз шешімін тапты.


ТҮРКІСТАН: ​Кентау қаласының прокуроры ауыл тұрғындарымен кездесті

Кентау қаласының прокуроры жергілікті атқарушы мен полиция органдары өкілдерінің қатысуымен аумаққа қарасты ауылдарда тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өзекті мәселелердің онды шешілуіне және құқықбұзушылықтардың жойылуына үйлестіру шараларын қабылдау мақсатында жергілікті тұрғындарды жеке өзекті мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Жергілікті халықтың тарапынан көтерілген мәселелердің басым көпшілігі ауданның тергеп-тексеру органдары мен соттың тұрғын үй, жер дауы жайлы қабылдаған шешімдеріне келіспеушілікке қатысты болды. Жеке қабылдау барысында сұрақтардың бірқатары заңға сай түсіндірмелер беру арқылы өз шешімін тапты. Ал, қосымша зерделеу мен сараптауды қажет ететін өтініштер одан әрі қарау үшін қабылданып, бақылауға алынды.

Кездесуде қала прокуроры бірінші кезекте тұрғындардың өзекті мәселелерін, оның ішінде ауыз сумен қамтамасыз ету мен елді мекендерді көркейту, көшелерді жарықтандыру және кәмелет жасқа толмағандарға қатысты, алаяқтық бойынша құқықбұзушылықты төмендету мәселелеріне тоқталды. Ұлттар арасындағы кикілжіңдердің алдын алуға тиісті шаралар қолдану туралы аудан прокуроры мен әкіміне нақты тапсырмалар берді.