ТҮРКІСТАН: Кентау көшелері жөнделіп жатыр

0
632

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында.


ТҮРКІСТАН: Кентау көшелері жөнделіп жатыр

Кентау қаласына қарасты ауылдарда 25 шақырым жол жөнделген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында 2021 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 5,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальттанды. Сонымен қатар, осы жоба аясында А.Құнанбаев атындағы №5 және А.Пушкин атындағы №6 мектептерінде замануи үлгідегі спорт залдар салынуда. Жоспар бойынша спорт зал құрылысы 2022 жылдың сәуір айында аяқталады.


Айта кетейік, 2021 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Кентау қаласына қарасты ауылдарда 25 шақырым жол жөнделген. Жалпы қала бойынша «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» жобасы аясында 20,5 шақырым ішкі жолдар жөнделсе, облыстық бюджеттің есебінен 8,15 шақырым жол жөнделген.