ТҮРКІСТАН: Кентауда ​2020 жылға дейін 720 отбасы баспаналы болады

0
1 875

Кентауда тұрғын үй құрылыс жұмыстары қарқын алып, жыл соңында 2 тұрғын үй пайдалануға беріледі.


ТҮРКІСТАН: Кентауда ​2020 жылға дейін 720 отбасы баспаналы болады

Түркістан облысы, Кентау қаласында 2020 жылға дейін 12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2018-2019 жылдары Кентау қаласы бойынша 5 қабатты 60 пәтерлі 7 тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарланған болатын.

2018 жылы 2 тұрғын үйдің құрылысы толығымен аяқталып, 120 пәтер пайдалануға тапсырылды. Ал, 2019 жылдың мамыр айында 3 тұрғын үйдің құрылысын аяқталып, 180 пәтерді өз иелеріне тапсырылған. Қалған 2 тұрғын үй осы жылдың соңында халық игілігіне пайдалануға берілетін болады.

Сонымен қатар, 2019 жылы Кентау қаласы, Оңтүстік-Шығыс мөлтекауданында Ш.Уалиханов көшесі бойынан 5 қабатты 60 пәтерлі 10 тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы пәтер саны – 600, ауданы 33 470 ш.м. Құрылыс жұмыстарын «Ныш-Ер» ЖШС, «Ақжол» ЖШС, «АльДекей» ЖШС, «Құрылыс» ЖК Молдашов жүргізуде. Бүгінгі таңда іргетасын құю жұмыстары және бірінші қабаттың қабырғаларын қалау жұмыстары атқарылуда. Нысандар 2020 жылға өтпелі.
Кентау қаласындағы Оңтүстік-Шығыс мөлтекауданындағы құрылысы жүргізіліп жатқан 10 тұрғын үйдің ауласына инженерлік-инфрақұрылым жүйелері мен абаттандыру құрылыс жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге мемлекет бюджеті есебінен қаржы қаралған. Бүгінгі таңда жобалаушы мекемемен келісім-шарт түзіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.