ТҮРКІСТАН: Кентауда 50 оқушыға мектеп формасы тапсырылды

0
1 010

Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.


ТҮРКІСТАН: Кентауда 50 оқушыға мектеп формасы тапсырылды

Бүгін Түркістан облысы, Кентау қаласында қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Мектепке жол» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева өз демеушілігі есебінен тұрмыс жағдайы төмен отбасылардағы және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 50 оқушыға киім-кешек тапсырды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп формасына ие болған оқушылар жомарт жанға ризашылығын білдірді. Игі істердің басы-қасында жүретін Қ.Жантөреқызы қайырымдылық жасау азаматтар үшін міндет екенін жеткізді.

«Пандемия кезінде талай отбасы табысынан айырылып, қиын күн кешіп жатыр. Сондықтан «Nur Otan» партиясы қайырымдылық іс-шараларын жүйелі түрде өткізіп жүр. Бүгін «Мектепке жол» акциясы аясында үлесімізді қосуды жөн көрдік», – дейді ол.

Кентаудағы акция аясында партияның Кентау қалалық филиалында бірнеше оқушыға базарлық берілді. Сонымен бірге өзге оқушылардың үйлеріне киім-кешек жеткізілді. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Бөлісу