ТҮРКІСТАН: Кентауда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 64 млрд. теңгеге жеткен

0
692

3 ірі, 27 орта және шағын кәсіпорындары – 28 млрд. теңгенің өнімін өндірген.


ТҮРКІСТАН: Кентауда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 64 млрд. теңгеге жеткен

Кентау қаласына қарасты 6 ауылдық округте 10 ауылшаруашылық өндіріс кооперативі құрылып, оған 1269 шаруа қожалығы тартылған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кентау қаласында 3 ірі, 27 орта және шағын кәсіпорындары – 28 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Мемлекеттік бағдарламалар аясында облыстық өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына жалпы құны 13,7 млрд. теңгеге 8 жоба енгізіліп, 4 жоба толығымен іске асырылды. 2020-2022 жылдары қала бойынша 4 инвестициялық жоба іске асуы жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімі Дәурен Мақажанов Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 64 млрд. теңгеге жеткен. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 10 ай қорытындысымен 4 млрд. теңгеге инвестиция тартылған. Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін құру» жобасы бойынша Кентау қаласына қарасты 6 ауылдық округте 10 ауылшаруашылық өндіріс кооперативі құрылып, оған 1269 шаруа қожалығы тартылған.

«Қалада халық саны 208170 адамды құрайды. Экономикалық белсенді тұрғындар саны 89586 адам. Биыл табысы кедейлік шегінен төмен 2501 отбасы, 13364 адамға 900 млн-ға жуық теңге көмек тағайындалып, 10 айда 760 млн. теңге төленген. Сондай-ақ, тұрғындар игілігі үшін ағымдағы жылы жалпы алаңы 20734,8 шаршы метрді құрайтын 134 жекеменшік тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал Ш.Уалиханов көшесі бойынан 10 дана 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлер пайдалануға бірілуге дайын. Дегенмен, 600 пәтер өз иесін күте тұрады. Себебі, газ жүйесі тартылғаннан кейін кентаулық отбасылар қоныс тойын тойлайды», – деді Дәурен Сәбитұлы.

Кентау қаласы бойынша 368 көпқабатты тұрғын үй (қалада – 334, ауылдарда – 34) бар. 2017 - 2020 жылдар аралығында Кентау қаласының 205 көпқабатты тұрғын үйлері бағдарлама аясында жөндеуден өтті. Қалаға жергілікті бюджет есебінен 16,7 шақырымды құрайтын көшеге және 12 ауылдық округтің 39 көшесінде 52,9 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.