ТҮРКІСТАН: ​Кентауда биыл жаңа емхана пайдалануға беріледі

0
1 685

Емхананың құрылыс жұмыстары 95 пайызға біткен.


ТҮРКІСТАН: ​Кентауда биыл жаңа емхана пайдалануға беріледі

Кентауда ауысымына 500 адамды қабылдайтын жаңа емхана бой көтеруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мұнда емхана мен бірге жедел жәрдем станцасы орналасатын болады. Қазір ғимараттың құрылыс жұмыстары біткен. Енді әрлеу мен ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін кентаулық дәрігерлер қала орталығында орналасқан тар ғимараттың бір бөлмесінде бірнеше мамандар халыққа қызмет көрсетіп келген болатын. Адам санының көптігінен жаңа ғимараттың қажеттілігі артып, құрылыс жұмыстары басталған.
"Жұмыстардың 95 пайызы бітіп тұр. Қазір тек көгалдандыру істерін атқарып жатырмыз. Лифттер мен өзге де құрылғыларға монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты қараша айында толығымен аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз", - дейді мердігер мекеме «Шымкент құрылыс» ЖШС учаске бастығы Бегалы Архабаев.
Жаңа нысан жаңа техникалармен қамтамасыз етіледі. Тұрғындарды қабылдау электронды жүйеге көшіп, кезек қатары да азая түспек.
«Дәрігерлердің науқастарға сапалы қызмет көрсетуіне барлық жағдай жасалады»,- дейді емхана бас дәрігерінің орынбасары Дәурен Жиренбаев.