ТҮРКІСТАН: Кентауда кенші ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді

0
1 559

Ұлы Отан соғысы тұсында жауға қарсы атылған он оқтың 7-уі Кентаудағы қорғасын зауытында құйылған.


ТҮРКІСТАН:  Кентауда кенші ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді

Кентауда Металлургтер күні аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кентау кеншілердің қаласы. Мұнда өндірілген кен өндіру саласынан әлемдік рекордтар жасалған болатын. Тіпті Ұлы Отан соғысы тұсында жауға қарсы атылған он оқтың 7-уі Кентаудағы қорғасын зауытында құйылған деген әңгіме бар.
Қазірде қалада кен өндіру саласында ерекше еңбек еткен жандар тұрады. Металургия саласының майталмандарының кәсіби мерекесі Кентау қаласында кең көлемде аталып өтті.
Мереке қарсаңында Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов кенші ардагерлердің үйлеріне барып, арнайы құттықтады. Сондай-ақ, атаулы күні ардагер кеншілерге ерекше құрмет көрсетілді.
Қала әкімінің орынбасары Самат Расұл мен қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев және қала тұрғындары еңбек адамдарының ексерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.
Ал, салтанатты жиында қаланың қалыптасуына ерен еңбек еткен жандарға қала әкімінің алғыс хаты тапсырылды. Ал еселі еңбегімен ерекшеленген кеншілер "Еңбек" орденімен және 2-ші, 3-ші дәрежелі "Кенші" төсбелгілерімен марапатталды.
Мерекелік шара қалалық Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының әншілерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.