ТҮРКІСТАН: Кентауда көше тазалаудан жарыс ұйымдастырылды

0
600

«Plogging» шарасына қаладан 10 команда қатысты.


ТҮРКІСТАН: Кентауда көше тазалаудан жарыс ұйымдастырылды

Кентау қаласында салауатты өмір салтын ұстану және қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында «Plogging» іс-шарасы өткізілді., деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында салауатты өмір салтын ұстану және қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында қала әкімдігінің қолдауымен, «Көзқарас» ұйымының белсенді жастарының ұйымдастыруымен «Plogging» іс-шарасы өткізілді. Оған қала әкімі Рашид Аюпов және қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев қатысып, белсенді тұрғындарға сәттілік тіледі.


«Plogging» шарасына қаладан 10 команда қатысты. Әр топ бес адамнан жасақталған. Олар арнайы бөлімдер белгілеп берген көшелерді жылдамдықпен толық тазалап шықты. Шарт бойынша командалар белгіленген уақытта өздеріне тапсырылған көшені тазалап, қоқыстарды арнайы қаптармен қаптайды.


Пайдалы сайыс қаланың орталығындағы басты көшелерде өткізілді. Яғни үнемі тазалыққа шағым көп түсетін аймақтар таңдалды. Шараға қатысушылар жылдам қоқыс жинап қана қоймай, қала тұрғындарына тазалық сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын да жүргізді.


Игі шарада өзгелерден қоқысты артық жинаған топтар анықталып, қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар «Plogging» шарасына демеуші болған қалалық мәслихат депутаты Махсут Гайруллаев тарапынан әзірлеген бағалы сыйлықтар табысталды.


Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарға қаланың тазалығына бейжай қарамауды насихаттау, әр азаматты өз ауласы мен көшесін таза ұстауға бейімдеу. Кентауда мұндай бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.