ТҮРКІСТАН: Кентауда олимпиадалық стандарттарға сай бассейн бар

0
2 970

​Бассейнге стандартқа сәйкес сүзгілер орнатылған. Нысанның әкімшілік ғимаратында 44 дана душ бөлмелері жұмыс жасауда және жаз мезгілінде душтағы суды жылыту үшін қазандық іске қосылады.


ТҮРКІСТАН: Кентауда олимпиадалық стандарттарға сай бассейн бар

Шіліңгір шілденің аптап ыстығында Кентаулықтар үшін қалалық бассейні таңғы сағат 7:00-ден кеші 22:00-ге дейін жұмыс жасауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кеңес үкіметі тұсында Кентау қаласынан олимпиадалық стандарттарға сай бассейн салынған болатын. Бүгінде күрделі жөндеуден өткен нысан жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарына аптаның жеті күні бойында қызмет көрсетуде. Терең, әрі суы да тап таза. Жауапты мамандар тазалықты әрдайым қадағалап отырады.

Жүзу бассейіне келу үшін абонеттік төлем мен суға түсуге қажет киім алып келу керек.

Бассейнге стандартқа сәйкес сүзгілер орнатылған. Нысанның әкімшілік ғимаратында 44 дана душ бөлмелері жұмыс жасауда және жаз мезгілінде душтағы суды жылыту үшін қазандық іске қосылады.

Сонымен қатар, нысан жарықтандырылып, бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Арнайы бекітілген мамандар суда жүзу ережелерін түсіндіріп, қажетті кеңестерін беріп отырады. Әрі судағы қауіпсіздік шараларан қадағалап отырады.