ТҮРКІСТАН: Кентауда Ұлттық халық санағының онлайн кезеңі жүріп жатыр

0
476

1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайтында кіріп, санаққа қатысуға болады.


ТҮРКІСТАН: Кентауда Ұлттық халық санағының онлайн кезеңі жүріп жатыр

Кентау қаласында Ұлттық санақтың онлайн кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазіргі кезде елімізде Ұлттық санақтың онлайн кезеңі жүріп жатыр. Яғни, 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайтында кіріп, санаққа қатысуға болады.


Қала әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай, қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Төрехан Сүлейменов және мемлекеттік қызметшілер онлайн санаққа қатысып, сұрақтарға жауап берді.


«Сайтқа тәулік бойы кіріп, деректерді толтыруға болады. Бланкты толтыруды тоқтату және кейін қайта жалғастыру мүмкіндігі бар. Онлайн санаққа қатыспаған тұрғындар үшін 1-30 қазан аралығында Ұлттық санақтың оффлайн кезеңі өтеді. Бұл кезеңде санақ жүргізуші интервьюерлер үйлерге барып, мәліметтерді арнайы планшетке енгізеді. Онлайн санақ қазіргі пандемия кезінде халыққа берілген баламалы әдіс ретінде қарастырылып отыр», – дейді қалалық статистика басқармасының басшысы А.Жолдасов.