ТҮРКІСТАН: Кентауда Ұлыстың ұлы күніне орай тоннаға жуық палау басылды

0
2 462

Кентау қаласында биылғы Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мереке, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, белгілі ғалым, профессор, Түркістан, Кентау қалаларының «Құрметті азаматы» Жарылқасын Оңалбековтың құрметіне арналған дәстүрлі дзюдодан Республикалық турнирдің ашылуынан бастау алды.


ТҮРКІСТАН: Кентауда Ұлыстың ұлы күніне орай тоннаға жуық палау басылды

Биыл Кентау қаласындағы Наурыз мерекесінде 800 кг палау, 800 литр көже, 100 кг бауырсақ таратылды – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Кентау қаласында биылғы Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мереке, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, белгілі ғалым, профессор, Түркістан, Кентау қалаларының «Құрметті азаматы» Жарылқасын Оңалбековтың құрметіне арналған дәстүрлі дзюдодан Республикалық турнирдің ашылуынан бастау алды.

Наурызға арналған негізгі мерекелік шаралар Ынтымақ алаңында ұйымдастырылды. «Наурыз – думан» атты мерекелік концерттік бағдарламасы көрермендерге көтеріңкі көңіл- күй сыйлады. Қала әкімі Ғ.Рысбеков Кентау қаласының тұрғындарын, қонақтарын Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Кентау қаласына қосылған 12 ауылдың сыйынан, дәмінен ауыз тиген тұрғындар да өз ризашылықтарын жеткізді. Сондай-ақ, Кентау қаласының әкімдігі, кәсіпкерлері, мекемелер де қалаға қарасты 16 ауылдық округтен қонақ болып келген ақсақалдарымыз бен аналарымызға 9 киіз үй тігіп, 500 кг палау, наурыз көже ұсынып, ұлттық тағамдарымыздан ақ дастархан жайды.