​ТҮРКІСТАН: Кентауда жаңа мектеп пайдалануға берілді

0
2 629

Жаңа мектеп "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында салынған.


​ТҮРКІСТАН:  Кентауда жаңа мектеп пайдалануға берілді

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының шалғайдағы Ақын-тұма елдімекенінің оқушылары екінші тоқсанды жаңа мектепте оқитын болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы уақытқа дейін бір қабатты бастауыш сыныбы ғана болатын елдімекеннің жоғары сыныптағы оқушылары ауылдың орталығына қатынап білім алса, енді ол күндер артта қалды. "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы қаралып Кентау қаласы Қарнақ ауылында 300 орындық Ақын-тұма №11 негізгі орта мектебінің құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталған болатын. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталды. Сыйымдылығы 300 орын, жалпы аумағы 6949 шаршы метр. Жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Самат Расул, қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, қалалық мәслихат депутаты Уәлихан Әбдуәлиев, ауыл ақсақалдары қатысып ауыл тұрғындарына ізгі тілектерін айтып, мектептің лентасын қиды. Соңғы заманауи үлгіде салынған жаңа мектепте, күнделікті сабақтарға қажет құрал-жабдықтар, лабораториялық бөлмелері бар.