ТҮРКІСТАН: Кентауда жылу электр стансасы өртке оранды

0
635

Өрт Хантағы елді мекенінде орналасқан «Кентау Сервис» МКК қарасты №5 жылу электр стансасынан шыққан.


ТҮРКІСТАН: Кентауда жылу электр стансасы өртке оранды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Кентаудағы жылу орталықта өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өрттің шығу себебі – көмірдің өздігінен тұтануы. Жылу электр стансасының жұмысы тоқтатылған жоқ.

«11.11.2019 жылы сағат 00:30-да Кентау қаласына қарасты Хантағы елді мекенінде орналасқан «Кентау Сервис» МКК қарасты №5 жылу электр стансасының ауласында жалпы ұзындығы 480 метрлік (бір бағыты – 240 м.) қазандық бөлмесіне көмір таситын ленталық конвейер әр жерден жанып, үзілген. Өрт сағат 00:44-те оқшауланып, сағат 01:42-де толығымен сөндірілді. Жылу электр стансасының жұмысы тоқтатылған жоқ. Өрттің шығу себебі – көмірдің өздігінен тұтануы. Зардап шеккендер жоқ» - дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.