ТҮРКІСТАН: Кентаулық аналарға мереке қарсаңында құрмет көрсетілді

0
937

8-наурыз халықаралық мереке қарсаңында Кентаулық аналарды қала әкімі құттықтады.


ТҮРКІСТАН: Кентаулық аналарға мереке қарсаңында құрмет көрсетілді

Шуақты көктемнің мерекесі қарсаңында Кентаулық көпбалалы аналар шаттыққа бөленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі

Бүгін Кентау қаласы әкімі Ғ.Рысбеков 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі аналарды құттықтады.

Кентау қаласы әкімдігінде қала әкімі Ғ.Рысбековтың қатысуымен Аналар кеңесінің отырысы өтті. Шара аясында аналар тарапына ұсыныс-тілектер айтылып, олардың пікірлері тыңдалды.

"Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол өмірге және мемлекеттің саяси мәселелеріне белсене араласатын қоғам мүшесі. Сіздерге айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер еш уақытта сарқылмайды. Отбасыларыңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін",-деп мерекелік бас қосуда қала әкімі Ғани Құрмашұлы барша аналар қауымын жүрекжарды лебізін білдірді.

Сонымен қатар, жиын барысында көпбалалы аналарға құрмет көрсетіліп, мерекеге орай салтанатты түрде қала әкімі аналарға "Алтын алқа", "Күміс алқаны" төсбелгісін табыстады.