ТҮРКІСТАН: Кентаулық шаруалар күзгі терімнен мол өнім алуды көздеп отыр

0
1 752

Кентау қаласында бүгінгі таңға 47 704 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілген.


ТҮРКІСТАН: Кентаулық шаруалар күзгі терімнен мол өнім алуды көздеп отыр

Кентау қаласы бойынша ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 8 айдың қортындысымен 24125,2 млн. теңгені болса, ал нақты көлем индексі 103,2% құрап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Кентау қалалық ауылшаруашылық бөлім басшысы Мамыржан Юлдашев баспасөз брифингінде баяндады. Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен кездесуде, бөлім басшысы жыл басынан бері атқарылған жұмыстары мен ауылшаруашылық саласындағы жаңалықтармен бөлісті.

Кентау қаласы бойынша 2019 жылы 45 755 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі деп жоспарланып, бүгінгі таңға 47 704 га жерге ауылшаруашылығы дәнді дақылдары егілген. Қарқынды бау-жүзім шаруашылығын дамыту бойынша 175 га қарқынды бау-бақша бар. Оның - 51 га жері жүзімдік отырғызылған.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 800 бас ІҚМ алу жоспарланған, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш еселеніп орындалып отыр. Аталмыш бағдарламасы аясында асыл тұқымды 1750 бас ірі қара мал алынған. Ал, «Алтын асық» бағдарламасы шеңберінде 2875 бас аналық алынса, «Құлан» бағдарламасы бойынша 107 бас жылқы алынған. Бүгінгі таңда тапсырма 100% орындалып отыр.

Кентау қаласында 27 бірлік жанұялық сүт аулаларын құру жоспарланып, 32 бірлік жанұялық сүт аулалары іске қосыған. Бүгінде қалаға қарасты ауылдардағы шаруақожалықтар күзгі терімдерін жинай бастады. Оның ішінде ақ алтын да бар. Терім өз жалғасын тауып, шаруалар ондан мол өнім алатындығына сеніммен қарап отырғандығын Мамыржан Әлімханұлы жеткізді.