ТҮРКІСТАН: Кезектен тыс пәтер алған тұрғындар үйін босатады

0
647

Тұрғындар бекітілген 10 күн аралығында пәтерлерді босатпаған жағдайда қосымша шаралар көріліп, жауапқа тартылады.


ТҮРКІСТАН: Кезектен тыс пәтер алған тұрғындар үйін босатады

Түркістанда кезектен тыс пәтер алған тұрғындар пәтерін босату туралы қолхат жазды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылдың желтоқасан айында Түркістан қаласы Отырар мөлтек ауданында жаңадан бой көтерген үйлерде пәтер алу тізімінде өз кезегін ілгерілету үшін үш тұрғын қалалық үй инспекциясы қызметкеріне пара бергені анықталған болатын. Қызметкердің іс-әрекеті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп, заңсыз іс-әрекетке бой берген тұрғындарға да шаралар көрілуде.
Заңсыз іс-әрекеттер арқылы жылжымайтын мүлікке қол жеткізген азаматтарға апта басында сот орындаушылары барып, пәтерлерді босату жөнінде міндеттеме алды.
Тұрғындар бекітілген 10 күн аралығында пәтерлерді босатпаған жағдайда қосымша шаралар көріліп, жауапқа тартылатындығы жөнінде тілхатпен танысып, қол қойды" - деп жазылған әкімдік хабарламасында.