​ТҮРКІСТАН: Кезекті инвестициялық жоба жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынды

0
1 363

Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 248 млрд. теңгеден асатын 8 инвестормен жемқорлықсыз сүйемелдеу бойынша келісім жасалды.


​ТҮРКІСТАН: Кезекті инвестициялық жоба жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқоролыққа қарсы Агенттігі мен оның аумақтық департаменттері тарапынан ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жоба аясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы Меморандумға Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Асанұлы Ғанижан және «CG FOOD» серіктестіктің директоры BK Lodha салтанатты түрде қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы өз сөзінде облыстың Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100% қорғауға кепілдік берілетіндігін жеткізді.

Бұл серіктестік елімізге жалпы құны 600 млн. теңгені құрайтын инвестиция құюда. Компания тез тамақтану өнімдерін жасаумен айналысады.

Осылайша, Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 248 млрд. теңгеден асатын 8 инвестормен жемқорлықсыз сүйемелдеу бойынша келісім жасалды.

Айта кету керек, жобаның мақсаты - бизнесті қорғау, қолайлы инвестициалық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету.