ТҮРКІСТАН: Халық пен шенеунік арасындағы байланыстың жаңа түрі іске қосылады

0
979


ТҮРКІСТАН: Халық пен шенеунік арасындағы байланыстың жаңа түрі іске қосылады

Жақын арада Түркістан облысында шенеуніктермен халық арасындағы байланыстың автоматтандырылған механизмі іске қосылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан қаласында өткен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы саяси кеңесінде облыстық партия төрағасы, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

- Тұрғындармен диалог, кері байланыс орнату, олармен жұмыс істеу - біздің жаңа парадигмамыз болуы керек. Осы орайда жақын арада біздің облыста шенеуніктермен халық арасындағы байланыстың автоматтандырылған механизмі іске қосылады. Автоматтандырылған механизм адамдардың үйден шықпай-ақ қабылдауға жазылып, кері байланыс орнатып, шенеунікпен өзара сөзін жазып алуға, шешімін таппаған мәселесін хабарлама ретінде қалдыруға мүмкіндік береді. Цифрландыру басқармасы мен әкімдер осы тектес платформаларды енгізу жолында шұғыл әрекет ету керек. Бұл үшін алдымен шенеуніктердің өзі барынша ашық және шынайылықпен жұмыс істеуі қажет. Партияның облыстық филиалы бұл мәселеде қызметкерлердің халықпен жұмыс істеуде қандай жақсы қабілетке ие болу керектігін анықтауы тиіс, – деді облыс әкімі.

Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев баяндама жасап, партиялық бағдарламалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталып өтті.