Түркістан халықаралық әуежайы арқылы 230 мыңнан астам жолаушы қатынаған

0
452

Түркістан халықаралық әуежайынан 3 халықаралық және 13 республикаішілік әуе рейстері орындалуда.


Түркістан халықаралық әуежайы арқылы 230 мыңнан астам жолаушы қатынаған

Түркістан халықаралық әуежайы іске қосылғанынан бері 230 547 жолаушы тасымалданған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан халықаралық әуежайы іске қосылғанынан бері (2020 жылдың 1 желтоқсаны) әуежай арқылы 230 547 жолаушы тасымалданған. Оның ішінде халықаралық бағыттарда - 41 667 жолаушы, ішкі бағыттарда – 188 880 жолаушы. Мұның өзі Түркістан қаласының туризм әлеуетінің көтерілгенін көрсетеді. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді.


Қазіргі уақытта Түркістан халықаралық әуежайынан 3 халықаралық (Ыстамбұл, Бішкек, Ташкент) және 13 республикаішілік әуе рейстері орындалуда.


Атап айтқанда:

1) «Түркістан – Ыстамбул» – аптасына 4 рет (дүйсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);

2) «Түркістан – Бішкек» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

3) «Түркістан – Ташкент» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

4) «Түркістан – Нұр-Сұлтан» – күнделікті;

5) «Түркістан – Алматы» – аптасына 5 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма,

жексенбі);

6) «Түркістан – Қостанай» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

7) «Түркістан – Атырау» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

8 ) «Түркістан – Қарағанды» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

9) «Түркістан – Көкшетау» - аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

10) «Түркістан – Ақтөбе» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

11) «Түркістан – Ақтау» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);

12) «Түркістан – Павлодар» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);

13) «Түркістан – Орал» – аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);

14) «Түркістан – Талдықорған» - аптасына 2 рет (бейсенбі, жексенбі);

15) «Түркістан-Петропавл» - аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);

16) «Түркістан-Өскемен» - аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма).