ТҮРКІСТАН: Көпбалалы әкеге баспана кілті табысталды

0
1 400

Көпбалалы әке 1-ші топтың мүгедегі Ғалымжан Демешов үш қыз,​ екі ұлды асырап отыр.


ТҮРКІСТАН: Көпбалалы әкеге баспана кілті табысталды

Түркістан облысы Түлкібас ауданында қайырымды жандар мүмкіндігі шектеулі көпбалалы әкеге баспана кілтін табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін көпбалалы отбасы Түлкібас кентінде пәтер жалдап күнелткен. Үш қыз, екі ұлдың әкесі Ғалымжан Демешов 1-ші топтың мүгедегі. Басындағы қатерлі ісікке жасалған отадан соң бір аяқ, бір қолы жансызданып жүруден қалған. Көпбалалы отбасыға күнелту тіптен қиындап, жұбайы көмек сұрап аудандық әкімдікке жүгінген.
"Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен және республикалық «Харекет» қорының қолдауымен Түлкібас ауданы, Түлкібас кентінде пәтер жалдап тұратын Демешовтер отбасы Шымкент қаласындағы орталық мешітте жаңа үйдің кілтін қолына алып, қуанышқа бөленді.

Бақыткүл Ақназарованың 1979 жылы туылған жолдасы Ғалымжан Демешов бірінші топтағы мүгедек. Отағасының жұмысқа жарамайтыны белгілі. Отбасындағы 3 қыз, 2 ұлдың сабаққа дайындалуларының өзі бір мұң болған. Аудан әкімшілігі тарапынан 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, «Өрлеу» бағдарламасы, шартты атаулы әлеуметтік көмек және 2015-2019 жылдар аралығында шартсыз атаулы әлеуметтік көмектер көрсетіліп келген,"- деп мәлімдеді Түлкібас аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы әкеге баспана кілтін "Харекет" қоры мен әкімдікегілер қасиетті Қадір түні табыстаған.