ТҮРКІСТАН: Көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

0
628

Баспана кезегінде тұрғандарға жалпы 610 пәтер беріледі.


ТҮРКІСТАН: Көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

Түркістан қаласында 40 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында 40 отбасы баспаналы болды. Желтоқсан айының соңына дейін баспана кезегінде тұрғандарға жалпы 610 пәтер беріледі. Олардың барлығы – көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы отбасылар. Оның ішінде, көп балалы отбасыға 470 пәтер, әлсіз топтағы отбасыларға 140 пәтер беріледі.


Тұрғындарды салтанатты жағдайда Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков оларға пәтер кілттерін табыстады.


Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы 14 көпқабатты тұрғын үйдің 763 пәтері «Отбасы банк» АҚ арқылы және көпқабатты 3 тұрғын үйдің 151 пәтері «7-20-25» бағдарламасы арқылы несие жүйесімен сатылымға қойылды. Бүгінде мұнда бюджет есебінен 7, 9 және 12 қабатты 67 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Сонымен бірге жаңа үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар алаңқайлары салынып жатыр.