ТҮРКІСТАН: Көпфунционалды "Жастар ресурстық орталығы" ашылды

0
4 239

Түркістан қаласында заманауи көпфункционалды облыстық "Жастар​ ресурстық орталығы" пайдалануға берілді.


ТҮРКІСТАН: Көпфунционалды

Түркістан қаласында облыстық "Жастар ресурстық орталығы" ашылуына ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова мен облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

суреттерді түсірген Самат Мырзалиев

Сонымен қатар, шараға барлық аудан қала әкімдері, басқарма басшылары, республикалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарының басшылары және өңірдің 200-ден астам белсенді жастары келді.

«Мен бүгін сіздермен әкім ретінде емес, замандастарыңыз ретінде еркін пікір алмасқым келеді. Өйткені ең талантты, ең дарынды, ең отаншыл, ең еңбекқор жастар Түркістан облысында тұрады деп есептеймін! Биыл жастарымыз үшін ерекше жыл болғалы тұр. Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен елімізде жастарды қолдау бағытындағы жұмыстар күшейтіледі. Облысымызда да жоспарлар жасалып, нақты жұмыстар басталып кетті. Осы кездесудің алдында мен жаңадан ашылған ғимаратты аралап, танысып шықтым. Мұнда жастардың жан-жақты дамуына, бойындағы өнері мен қабілеттерін арттыруына толық жағдай жасалған. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысам деушілерге Коворкинг орталығы, ІТ-park, заңгерлік кеңестер қарастырылған. Сонымен бірге еріктілер клубы, «Жас сарбаз», электронды кітапхана, тілдер мектебі, интернет желісі, мәжіліс залы, спорт алаңшалары және тағы басқа игіліктер бар. Бұл – Сіздер үшін жасалған үлкен қолдау. Енді осы жастар орталығында өрендеріміз өз-өздерін дамытып, білімдерін шыңдаулары қажет», – деді Ж.Қансейітұлы.

Көп функционалды жаңа үлгідегі Жастар орталығы – бір мезетте 400-ге жуық жасқа қызмет көрсете алады. Орталықта «Жастарға қызмет көрсету» орталығы, «Мобильді топ», Turkistan HUB coworking zone, IT PARK, Робототехника мектептері, Коворкинг алаңы, электронды кітапхана, «Жас сарбаз», «Еріктілер мектебі», «Құрылыс жасақтары», «Тілдер мектебі», түрлі жастар ұйымдары, медиа студия және психологиялық терапия т.б көптеген жастар клубтары, мектептер мен үйірмелер жұмыс жасайды. Сондай-ақ, ғимарат ішінде «relax zone» демалыс аймағы, ғимараттың сыртқы бөлігінде футбол, валейбол, баскетбол, теннис ойнауға арналған спорттық алаңшалар орналасқан.