ТҮРКІСТАН: Коронавируспен күреске 5 млн-ға жуық дәрі-дәрмек әкелінді

0
555

153 дәріханаға шекті бағамен жөнелтіледі.


ТҮРКІСТАН: Коронавируспен күреске 5 млн-ға жуық дәрі-дәрмек әкелінді

Түркістан облысына коронавируспен күреске 5 млн-ға жуық дәрілік заттар әкелінді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысына 5 млн-ға жуық дана дәрілік препараттар әкелінді. Бұл өз кезегінде халқы тығыз қоныстанған өңірдегі дәрі-дәрмек тапшылығының оң шешілуіне ықпал етеді деп жоспарланып отыр.

Қазіргі уақыттағы елдің тыныштығын қашырған пандемиямен күрес үшін облыс бюджетінен қаражат бөлініп, Өзбекстан елінен жеткен кезекті партия дәрілік заттардың ішінде амброксол, левофлаксацин, аминофиллин, азитромицин, цефтриаксон, парацетамол, метранидазол, дексаметазон, эуфиллин секілді пневмония және коронавирусқа қарсы препараттар бар.

Аталған қажетті дәрі-дәрмектердің жартысы өңірдегі аудан, қалалардағы ауруханаларға таратылса, жартысы жергілікті әкімдіктермен меморандумға отырған 153 дәріханаға шекті бағамен жөнелтіледі.

Айта кетейік, осының алдында да Өзбекстан республикасынан көптеген медициналық препараттар сатылып алынған және бірнеше елден гуманитралық көмек ретінде дәрі-дәрмектер келген болатын. Олардың барлығы аудан, қалалардағы медициналық ұйымдарға таратылып, белгіленген бағада сатылып жатыр. Тағы бір айта кетерлігі, бүгінгі таңда облыстың әр аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келе жатыр.