ТҮРКІСТАН: ​ҚР Денсаулықсақтау министрі Елжан Біртанов іссапармен келді

0
1 094

Келесі жылдан бастап медицина саласының мамандарының жалақы көлемі 30 пайызға артады.


ТҮРКІСТАН: ​ҚР Денсаулықсақтау министрі Елжан Біртанов іссапармен келді

Түркістан облысы, Кентау қаласының орталық аурухананың жұмысымен ҚР Денсаулықсақтау министрі танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР денсаулықсақтау министрі Елжан Біртанов пен облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев 35 жыл тарихы бар Кентау орталық ауруханасына барды. Министр қабылдау бөлімі, инсульт орталығы, компьютерлік диагностика, жансақтау бөлімдерінің жұмысымен таныса келе аурухана ұжымымен жиын өткізді.

«Медицина саласы мамандарының қызметі ауыр да жауапты. Бірақ осы жолда аянбай еңбек етулеріңіз қажет. Келесі жылдан бастап жалақы көлемі 30 пайызға артқалы отыр. Науқастардың сенімін ақтайсыздар деп сенемін» ,- деді Елжан Амантайұлы.

Көпсалалы аурухана қазіргі таңда 170 мыңға жуық халыққа қызмет көрсетуде. 316 төсек-орынға есептелген. Мамандандырылған және жалпы тәжірибелік дәрігерлер құрамы бар. Аурухана ұжымымен кездесу барысында мекеменің сондай-ақ 100 пайыз цифрландыру жүйесімен қамтамасыз етілгені атап көрсетілді. Биылдан бастап инсульт бөлімшесі толыққанды жұмыс жасап жатыр. Компьютерлік томографиямен қамтылған. Жақын орналасқан Созақ және Отырар аудандарының тұрғындары да дәл осы бөлімнен толық медициналық көмек алуда. Лабораториялық диагностика толық автоматты жүйеге көшкен. Елжан Біртанов жиын соңында аурухана қызметіне оң бағасын берді.