Түркістан: Құқық қорғау органдарының ардагерлері жемқорлық мәселелеріне өз үлестерін қосады

0
1 164

Алдағы уақытта жемқорлықтың деңгейін төмендетуге бағытталған іс-шараларға құқық қорғау органдарының ардагерлері белсенді түрде атсалысады.


Түркістан: Құқық қорғау органдарының ардагерлері жемқорлық мәселелеріне өз үлестерін қосады

«Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық қорғау органдары ардагерлерлерінің кеңесі» мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті арасында Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін «Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық қорғау органдары ардагерлерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Аталған Меморандумның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлық мәселелерін жоюға қос тараптың мүмкіндіктерін бірлесіп жұмылдыру, қоғамдық бірлестік өкілдерімен талдау жұмысын бірігіп ұйымдастыру және «Түркістан – адалдық алаңы» Жобалық кеңсесі шеңберінде өзара әрекеттесу.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Х.Көшқалиев пен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысқан ынтымақтастық кездесуде тең құқылы Меморандумның негізгі бағыттары айқындалып, тараптардың өзара міндеттері сараланды.

Сонымен қатар, қос тарап бұдан былай, ҚР Конститутциясының қағидалары мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын, сондай-ақ 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, белгіленген құзіреттер негізінде жүйелі түрде жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, алдағы уақытта облыста орналасқан мемлекеттік мекемелердің жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау, сондай-ақ қоғамның ашықтығы мен сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге бағытталған әр түрлі форматтағы іс-шараларға құқық қорғау органдарының ардагерлері белсенді түрде жұмылдырылады.