ТҮРКІСТАН: Құрбысының атынан несие алған алаяқ ұсталды

0
508

Досының жеке бас мәліметтері мен банктегі шот нөмірлерін біліп алған.


ТҮРКІСТАН: Құрбысының атынан несие алған алаяқ ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы полицейлері құрбысының атынан несие алып, алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Созақ АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреу өзінің атынан заңсыз онлайн-несие рәсімдегенін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 170 000 теңге. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелген.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті 1 күн ішінде ұсталып, ол Шымкент қаласында тұратын жәбірленушінің досы екені анықталды. Тергеу барысында күдікті алаяқтық жолмен досының жеке бас мәліметтері мен банктегі шот нөмірлерін біліп алып, оның атынан 170 000 теңге жедел онлайн-несие алғаны белгілі болды. Қазіргі таңда аталған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Полицейлер болған жайттың мән-жайы мен күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға жеке мәліметтер дерегін сақтықта ұстап, өзгелерге көрсетпеу керектігін ескертеді. Қазіргі таңда, осындай жедел несие үшін, жылжымайтын мүлікті рәсімдеу және тағы басқа жағдайларда интернет арқылы алаяқтық жасайтын жайттар көптеп кездесуде. Сондықтан интернет-алаяқтардан және жақсы таныс емес азаматтарға сенуден, өзіңізге қатысты жеке мәліметтерді беруден абай болыңыздар. Осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.