ТҮРКІСТАН: Құс өнімдері 3 елге экспортталып жатыр

0
749

9 айда 6877 тонна күрке тауық еті өндірілген.


ТҮРКІСТАН: Құс өнімдері 3 елге экспортталып жатыр

Түркістан облысында құс шаруашылығы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында құс шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бұл ретте облыс әкімдігі тарапынан өңірдің негізгі драйвері ретінде ауыл шаруашылығына басымдық беріліп, тиісті қолдау көрсетілгенін айта кеткен жөн. Осы бағытта жұмыс істеп келе жатқан компанияның бірі – «Ордабасы құс» ЖШС.


Күрке тауық етін өндіретін компанияның жылдық өнім қуаттылығы – 9500 тонна. Аталған кәсіпорынға 2011-2021 жылдары аралығында күрке тауық етін өндіру құнын арзандату бағытында мемлекеттен 9730,0 млн. теңге көлемінде субсидия берілген. Компанияның соңғы 4 жылдағы жұмысына тоқталсақ, 2018 жылы 9447 тонна ет өнімдерін өндіріп, 2526 тоннасын экспорттаған. 2019 жылы 9338 тонна өндіріп, 2466 тоннасы экспортталса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 8540 және 2728 тоннаны құраған. Ал биыл 9 айда 6877 тонна күрке тауық еті өндіріліп, оның 2220 тоннасы шетелге сатылымға шығарылған. «Ордабасы құстың» өнімі Ресей, Қырғыз Республикасы және Өзбекстанға экспортталып жатыр.


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес «Күрке тауық етін өндіру құнын арзандату» бағыты бойынша еттің 1 келісіне 200 теңге субсидия төлеу қарастырылған.