ТҮРКІСТАН: Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

0
921

Арыстық тұрғын өзіне қарыз азаматтың ұялы телефонын тартып аламын деп, сотталып кете жаздады.


ТҮРКІСТАН: Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Түркістан облысы Арыс ауданының тұрғыны қарыз ақшасын қайтарып бермеген танысының телефонын тартып алған - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қомақты қаржыға қарызданып қалған берешек танысы да қарап қалмай тәртіп сақшыларына шағымданған.
Сотталушы А.Н.-ға жәбірленуші К.А.-ға 200 000 теңге қарыз берген. Қарызданушы ақшаны қайтаруға уәде берген. Дегенмен уақытында қарызға алынған қаражатты қайтармай жәбірленуші созбалаңға салып жүріп алады. Ақыры ауылдастар араздасып тынады. 15 сәуір күні кешкі сағат 23 терде А.Н. қарыз алушы К.А. -ның Samsung j2 телефонын тартып алады. Телефонды тек қарыз ақшаны қайтарып бергенде ғана кері беретіндігін айтқан. Сотталушының бұл әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықпен сараланған. Алайда, екі тараптың өзара татуласып, келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды.
"Бүгінгі таңға көпшілік азаматтар арадағы араздықты немесе келіспеушілік әрекеттерді өзінше күш қолдану (қорқыту, қоқан лоққы жасау т.б.) арқылы шешуді - мәселе шешудің оңай жолы деп ойлайды. Бірақ, мұндай әрекеттер заңға қайшы. Сондықтан, заңды білмеу оның жауапкершілігінен босатпайды",-деп хабарлайды Арыс аудандық сотының баспасөз қызметі.