ТҮРКІСТАН: Қырық адамды алдаған күдікті ұсталды

0
1 418

Күдікті мемлекеттік бағдарлама аясында қомақты қаржы алып беремін деп ақша алған.


ТҮРКІСТАН: Қырық адамды алдаған күдікті ұсталды

Түркістан облысының 40-тан астам тұрғынын алдаған алаяқ әйелге қатысы бар іс сотқа жолданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Наурыз айында Түркістан қаласының полицейлеріне жергілікті тұрғыннан мемлекеттік бағдарлама аясында қомақты қаржы алып беремін деп, ақшасын алған азаматшаға қатысты арыз келіп түскен. Бір бұл емес, осыған ұқсас тағы да ондаған адам полиция басқармасына арызданған. Түркістан облыстық полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізіп, нәтижесінде Түркістан облысының жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғынды құрықтады. Анықталғанындай, алаяқ әйел жұмысқа орналастырып беремін немесе мемлекеттен қаржы алып беремін деген жалған уәдемен, адамдардың ақшаларын алып отырған.

"Тергеу барысында күдіктінің алаяқтықтың 41 жайтына қатысы бар екендігі және жәбірленушілерге 1,5 миллионға жуық залал келтіргендігі анықталған.Қазіргі уақытта азаматшаға қатысты жинақталған мәліметтердің барлығы сотқа жолданды", - деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.