ТҮРКІСТАН: Қызғалдақты жұлғандар қылмыстық жаупкершілікке тартылады

0
1 256

Қызыл кітапқа енген Грейк және Коуфман қызғалдағын жұлушылар ҚР ҚК 339 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


ТҮРКІСТАН: Қызғалдақты жұлғандар қылмыстық жаупкершілікке тартылады

Қызғалдақты жұлсаңыз қылмыстық кодекспен жауапқа тартыласыз – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан өңірлік комуникациялар қызметінде қызғалдақтарды қорғауға арналған брифинг өтті. Онда Түркістан облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Хамит Жорабеков қызғалдақтарды қорғауға бағытталған шаралар бойынша кең көлемді мәлімет берді. Ал, Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Нұрлан Тұманбаев қызыл кітапқа енген Грейк және Коуфман қызғалдағын жұлушылар жауапқа тартылатындығын жеткізді.
"ҚР қызыл кітапбына енгізілгеннен кейін Грейк және Коуфман қызғалдығын заңсыз жұлу ҚР қылмыстық кодексінің 339 бабында көзделген қылмыстық жауапкершілікке алып келіп соғады. Құқықбұзушының әрекеті дәледенген жағдайда оған сот шешімімен 3000 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салу немесе сол мерзімге шектеуге немесе бас бостандығынан шектеуге немесе бас бостандығынан айыру жазасына алып келіп соқтыруы мүмкін" – дейді Нұрлан Тұманбаев.
Сырдария-Түркістан Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің туризм бөлімінің басшысы Ғани Назарбек табиғат аясында демалуға шыққан көпшілік әлеуметтік желіде қызғалдақтармен түскен суретін еш қымсынбастан жариялап жатқанына қынжылыс білдіріп, бұл жұмыстарды жүйелеу қажеттігін жеткізді.
Бөлісу