ТҮРКІСТАН: Мәдениет үйі жөндеуден өткізіліп жатыр

0
2 566

1985 жылы іргетасы қаланған.


ТҮРКІСТАН: Мәдениет үйі жөндеуден өткізіліп жатыр

Сарыағаштағы мәдениет үйінже ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылындағы мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ауылдағы мәдениет ошағының іргетасы 1985 жылы қаланған.

Атап өтсек, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме «АНАР-АСЕМ» ЖШС тарапынан ғимараттың едендерін сырлау, ішкі және сыртқы қабырғаларды сылау және ғимаратта орналасқан спорт залға қосымша ішкі әжетхана және душ бөлмесін қосу жұмыстарын атқару үстінде.

Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы. Адамның мәдениеттілігі оның бүкіл болмысын көрсетіп тұрады. Осындай рухани құндылықтарды дәріптейтін мәдени ошақтардың жаңарып, жаңғыртылуына үнемі көңіл бөлініп келеді. Аудандық мәдениет үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстары ауданның мәдениет саласының дамуына өз септігін тигізері сөзсіз.

Мәдениет үйін ағымдағы жөндеу жұмысы барысымен арнайы барып танысқан аудан әкімі Мұхит Отаршиев мердігер компания өкіліне ағымдағы жөндеу жұмысын қарқынды әрі сапалы жүргізілуі үнемі бақылауда болуын ескертті.