Түркістан магистральдық арнасы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

0
522

Жоспар бойынша 59 шақырымы бетонмен қапталады.


Түркістан магистральдық арнасы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

Түркістанда ағын су шығыны реттелуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының аумағын көгалдандырып, егістік алқапты суаруға үлкен үлесі тиетін Түркістан магистральдық арнасы бүгінде күрделі жөндеуден өткізілуде. Жоспар бойынша 59 шақырымы бетонмен қапталады. Соның нәтижесінде 60 млн/м3 су үнемделетін болады. Облыс орталығындағы бірқатар нысандарды аралаған аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев, аталмыш нысанның жұмыс қарқынын бақылады.

«Түркістан магистральдық арнасы арқылы қала ішіндегі демалыс аймақтары да суғарылатын болатын. Оған қоса қала аумағындағы 8 шақырымы абаттандырылып, демалыс аймағы, веложолдар салыну көзделуде. Қазір каналдың 14 шақырымы бетондалған. Нәтижесінде биылғы жылдың өзінде 11 млн/м3 ағын су үнемделген», - деді облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы.

Өңірдегі тағы бір маңызды жобалардың бірі - сыйымдылығы 18 млн.м3 құрайтын «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасының құрылысы. Бүгінгі таңда үлкен бөгет құрылысы 12 метр биіктікке көтеріліп, шағын бөгет және дренаж призмасы толығымен салынған. Нәтижесінде мұнда жылына 34 млн м3. ағын су жиналады.

Ал, Арыс-Түркістан магистральдық арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу жобасы қарастырылған. БұлТүркістан магистралды каналына жылына қосымша 80 млн.м3 ағын су жеткізуге мүмкіндік беретін болады. Бүгінгі таңда жобаға техника-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптама қарауына енгізілді

Су арналарын қалпына келтіру жұмыстары Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсартып, шағын-орта бизнесті және туризмді дамытуға жол ашары сөзсіз. Сондай ақ, 15 мың гектар жайылым жерге су жеткізумен қатар, балық шаруашылығын дамыту қолға алынады.Соңғы екі жылда облыстық бюджет есебінен 243 шқ 61 каналға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 42 дана тік ұңғымалар қалпына келтірілді. Нәтижесінде 44,3 мың гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарған. Ағын суды үнемдеу технологияларын енгізе отырып, Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасы іске асырылуда.