ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: Әлеуметтік салада әлі атқарылар жұмыс көп

0
2 451

Үміткерлер «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында ауыл биі мен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасымен кездесті.


ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: Әлеуметтік салада әлі атқарылар жұмыс көп

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев, «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Әбдіманап Байдуллаев Достық ауылдық округіне қарасты Көксу елді мекенінде болды.

Үміткерлер мұнда «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында ауыл биі Қилыбай Авалов пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдірашит Суановпен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, биылғы жылғы пандемия, су тасқыны кездерде атқарған жұмыстарына тоқталды. Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың баспанамен қамтылуына, шығындарының толық өтелуіне үлкен күш салды. Міне, осындай ерлікке пара-пар еңбектері елге сіңген партияны қолдап, 10 қаңтар күні өтетін сайлауда дауыс беруге шақырды.

Сонымен қатар, жаһандық пандемия кезінде «Nur Otan» партиясының бастамасымен кірісін уақытша жоғалтқан 25 мың азаматқа 42 500 теңгеден әлеуметтік төлемдер төленіп, 5 500 мың астам азаматтың коммуналдық шығыстары өтелген. 12 453 мүгедек жандарға, 1 474 мүгедек балаларға, мүгедек күтімімен айналысатын 964 ата-анаға, жұмыссыз мәртебесін жоғалтапаған жұмыспен қамту шарыларына тартылған 5 мың 44 азаматқа әлеуметтік көмек берілсе, 10 129 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілген.

Ал, «Түркістан біргеміз» волонтерлық тобы арқылы 4400 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға тұрмысқа қажетті азық-түлік себеті, 100 отбасыға қажетті дәрі-дәрмектер жеткізіліп, 200 мыңнан астам медициналық бетперделер мен антисептиктер таратылған. Алдағы 5 жылда медицина мен әлеуметтік салаларға жасалатын қамқорлықтар артпаса азаймақ емес.

Қашан да елдің қажетін толықтырып, игілігіне еңбек етіп жүрген партияға қолдау білдіруді азаматтық парызы санайтын ауыл ақсақалдары бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндіктерін айтады.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді.