ТҮРКІСТАН: Мақтаарал көшелерінде айттық таратылды

0
1 495

Мақтааралдың белсенді жастары ораза айттың алғашқы күнінде Мырзакент және Атакент кенттерінде айттық таратты.


ТҮРКІСТАН: Мақтаарал көшелерінде айттық таратылды

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен ауданның ерікті жастар клубы Мырзакент және Атакент көшелерінде айттық таратты деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін Мақтааралдың белсенді жастары ораза айттың алғашқы күнінде Мырзакент және Атакент кенттерінде айттық таратты. Кенттердегі адам көп шоғырланатын халыққа қызмет көрсету орталықтарында тегін көже, бауырсақ және нан таратқан жастар мұндай шараны ораза басталғалы бірнеше рет ұйымдастырып отыр.

«Мақсатымыз – тұрғындарға, әсіресе, жастарға қасиетті мерекелерімізді кеңінен насихаттау, жүректеріне мейірім ұялату. Біздің бұл шараны өткізуімізге өзіміз секілді белсенді жастар атсалысты. Алдағы уақытта мұндай шараларымыз жалғасын таба беретін болады», - дейді белсенді жас Салтанат Тұңғатарова.

Айта кетейік, бұған дейін аудан аумағындағы аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға түрлі деңгейлерде қайырымдылық акцияларын өткізген Мақтааралдың сан сала мамандарынан құрылған белсенділері бүгінгі шараға 100 литр көже, 50 келі бауырсақ пен 400 нан дайындаған.