ТҮРКІСТАН: Мақтаарал жастары қасиетті айда қайырымдылық жасады

0
2 129

Мақтааралдық жастар Достық, Мақтаарал, Иіржар, Еңбекші ауылдық округтері мен Мырзакент және Атакент кенттеріндегі аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасылардың үйлерін аралап, жағдайларынан сұрап, көмек берді.


ТҮРКІСТАН: Мақтаарал жастары қасиетті айда қайырымдылық жасады

Мақтаарал ауданының белсенді жастары аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік таратып, көшеде тегін нан үлестірді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен ауданның ерікті жастары қасиетті айда қайырымдылық жасап, көпшілікке үлгі көрсетті.
Ауданның ерікті жастары Достық, Мақтаарал, Иіржар, Еңбекші ауылдық округтері мен Мырзакент және Атакент кенттеріндегі аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасылардың үйлерін аралап, жағдайларынан хабар алды. Рамазан айында ұн, макарон, ақ май, шекер сынды азық-түліктер мен күнделікті тұтыну заттарын, тәттілер мен көкөністер таратты.
Сонымен қатар, аудан орталығындағы халыққа қызмет көрсету орталығының маңында аудан тұрғындарына тегін нан үлестірді.
«Біздің бұл іс-шарамыз қасиетті айдың әр жұмасында өтетін болады. Әр жұма сайын ауылдық округтердегі әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға қолұшын созатын боламыз. Тек материалдық тұрғыда ғана емес қажет болған жағдайда заңдық, психологиялық та көмек көрсетеміз» дейді аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Сүндет Кенжебаев.